foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай мәдениеті бабалар мұрасы»

Бүгін, 2023 жылдың 5 қаңтарында  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК –ның экскурсия бөлім басшысы Мукушева Ж.О. және экскурсовод Тохтаров Д.В. «Айыртау ауданының қиын жағдайға душар болған балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілеріне  өлке тарихымен таныстыру, ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында «Ботай мәдениеті бабалар мұрасы» тақырыбында музей сабағын және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер көрмесін ұйымдастырады.

Балалар ежелгі энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар, ботай мәдениеті жайлы мәлеметтерді  үлкен қызығушылықпен тыңдап,сұрақтар қойды. Сондай-ақ балаларды археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер  қатты қызықтырды және де олар туралы көптеген ақпараттар алды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"