Бүгін, 2022 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-мен бірлесіп «Археологиялық нысандарды сақтау және дәріптеу және оларды мұражайландыру» тақырыбындағы республикалық онлайн конференция өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасының облыстарынын музей ұйымдарының қызметкерлері, археологтар, тарихшылар, ғалымдар қатысты. Іс-шараның мақсаты –Қазақстан Республикасының тарихи мұрасын сақтаудағы музей-қорықтардың ең өзекті тақырыптарын анықтау және талқылау. Әріптестерімізге Қазақстанның бай тарихи мұрасын зерттеу мен насихаттаудың заманауи әдістерімен бөлісу. Ғылымдар тоғысындағы археологиядағы зерттеулер – пәнаралық көзқарас, объектілерді сақтау әдістері. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ бөлімінің басшысы Ж.О.Баймусенов, Қызыл-Оба қорымын консервациялау және мұражайландыру тәжірибесімен бөлісті. Сақ дәуірінен табылған бірегей жәдігерлер туралы ғылыми деректермен Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Ж.К. Укеев бөлісті.
Сонымен қатар, республикалық онлайн-конференцияда облыстық ескерткіштерді қорғау орталықтарында, республикалық музей-қорықтарда жинақталған тәжірибені жаңарту және жаңғырту әдістері талқыланды.