foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылы 5 желтоқсан күні сағат 11:00 де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы «AMANAT» партиясының ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай қонысының тарихи бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2022 жылы 5 желтоқсан күні сағат 11:00 де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы «AMANAT» партиясының ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  «Ботай қонысының тарихи бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел  Ботай қонысының табылуына себепші болған, көне жылқының сүйектерін, табылған жәдігерлерді профессор В.Ф.Зайбертке бірінші болып көрсеткен Еслямбек Зәкіряұлына арналды.

Іс шараның мақсаты– көпке беймәлім тұлғаны, қатардағы өлкетанушыларға, зиялы қауым өкілдеріне Еслямбек Зәкірияұлына қатысты тарихты, адамгершілік әділеттілікті қалпына келтіру. Дөңгелек үстел жұмысында Ботай мәдениетін зерттеудің 40 жылдық тарихы, оның негізгі белестері, қолданылған әдіс-тәсілдері, ғылыми пікірталастары айтылып, алдағы уақыттағы басымдықтарды айқындау көзделді.  Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстанның киелі нысандары, Ботай археологиялық мәдениетінің әлемдік өркениетті зерттеудегі рөлі мен маңызы  талқыланды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"