foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Бүгін, 2022 жылғы 28 қазанда «Болашақ Сарай» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің құрылғанына 60 жыл толуын мерекелеу аясында Ботай мәдениетінің құнды жәдігерлерінің көрмесі көрсетілді.

Бүгін, 2022 жылғы 28 қазанда «Болашақ Сарай» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің құрылғанына 60 жыл толуын мерекелеу аясында Ботай мәдениетінің құнды жәдігерлерінің көрмесі көрсетілді. Шара қонақтары мен қатысушыларының назарына "Ботай қонысындағы археологиялық ғылыми-эксперименттік зерттеулер және Ботай мәдениетін жеткізушілердің өмір салтын қолдау жүйелері мен идеялық және қасиетті контексттерін модельдеу» ғылыми жобасы ұсынылды.Жоба 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырылады.Жоба аясында Ботай қонысында, Красный Яр, Васильковка ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, тәжірибелік-эксперименттік Ботай тұрғын үйінің ішкі және сыртқы көрінісі үлгіленіп, кейін безендіріліп, «Ботай адамның өмір салты мен дүниетанымы» монографиясы жарыққа шығуы дайындалуда.
Археологиялық зерттеулердің ғылыми және практикалық маңызы зор болды, оның барысында 9000 экспонат ашылды. 2021-2022 жылдары Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының аумағындағы Ботай мәдениетінің 20 ескерткіші жүйеленіп, ғылыми айналымға енгізілді. Кең көлемді остеологиялық, шақпақтас, керамикалық материалдар жиналды - жәдігерлердің бір бөлігі бүгінгі көрмеде көрсетілді. Сондай-ақ, көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыс жасау шеберлік сабағының бір түрі көрсетілді.
Көрме жұмысымен және ғылыми жобалармен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар мен қоғам өкілдері танысты.
Ботай мәдениеті көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"