2022 жылдың 27-29 қазан күндері аралығында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастыруымен «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар және де Түркия, Ресей, Қырғызстан, Финляндия, Украина мемлекеттерінің ғалымдары мен профессорларының қатысуымен өтті. Сондай-ақ іс-шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов және «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Руслан Ерланұлы Хайргельдинов қатысты.
Конференция ҚР Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлының сөз сөйлеуімен басталды.
Конференцияның мақсаты-Алтын Орданың материалдық және материалдық емес мұраларымен таныстыру,сақтау және насихаттау,ескерткіштерді сақтауды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу, соның ішінде Қазақстанның халықаралық иминджін қалыптастыратын туризмді дамыту.