foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 3 қараша күні Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің 90-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Өткен мен болашақтың арасында» атты республикалық музейлердің құнды жәдігерлеріне арнайы көрме ұйымдастырылды.

2022 жылдың 3 қараша күні Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің 90-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Өткен мен болашақтың арасында» атты республикалық музейлердің құнды жәдігерлеріне арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қонақтар Ботай мәдениетінің құнды жәдігерлерін тамашалай алды. Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерінің бірі сүйектен жасалған пышақ пен өрнектелген жылқы фалангасы көрермендердің ерекше назарын алды. Көрмеде еліміздің түкпір түкпірінен келген музейлердің аса құнды экспонаттары болды .Көрменің негізгі бөлігі – археологиялық заттар, ат әбзелдері және зергерлік бұйымдар көрсетілді.

Көрменің жалғасы " Музейлік педагогика; дәстүрлер мен инновациялар" атты халықаралық семинар- тренинг өз жұмысын бастады. Семинарға отандық және Ресейдің тарихшылары,музей қызметкерлері, археологтары қатысып, өздерінің баяндамаларымен,музей жолындағы жаңа идеяларымен бөлісті.

Қарағанды музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде ерекше атмосферада,қызықты өтті.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"