foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың жазғы далалық маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында және Красный Яр (Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан) қонысында Ботай мәдениеті ескерткіштерінде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысының тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына белсенді қатысып, археологияға үл

2022 жылдың жазғы далалық маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында және Красный Яр (Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан) қонысында Ботай мәдениеті ескерткіштерінде  археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысының тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына белсенді қатысып, археологияға үлкен танымдық қызығушылық танытты.

Республикалық қоғамдық-саяси «Білімді ел» газетінің 2022 жылғы 30 тамыздағы №32 санында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Токушин мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Әсел Баймақанованың «Ботай қонысындағы археологиялық демалыс» мақаласы жарияланды. Бұл мақалада мұғалім газет оқырмандарымен археологиялық қазбалардан алған жағымды эмоциялары мен әсерлерімен бөліседі. Басылымда Әсел «Ботай» мемлекеттік музей-қорығының әкімшілігінің археологиялық зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, бос уақытын сапалы өткізгенін атап өтеді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығына алғыс айтады. Тарих пәнінің мұғалімі ретінде Әсел өзінің білім қорын, кәсіби біліктілігін арттырып, археологиялық ескерткіштердің мәдени қабаттарымен жұмыс істеу дағдыларын, жәдігерлерді анықтау әдістерін игеріп, бекітті.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"