foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 26 тамызында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Көкшетау қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті.

2022 жылдың 26 ​​тамызында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Көкшетау қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті. Шараға қатысушылар мен қонақтардың назарына «Ботай – мыңжылдық жолымен» көрмесі ұсынылды. Көрменің ерекшелігі – Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан ежелгі Красный Яр қонысынан табылған баға жетпес жәдігерлермен таныстыру. Бұл археологиялық ескерткіш ботай мәдениетіне жатады және ұзақ уақыт бойы нашар зерттелген.

Осыған байланысты «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  2022 жылғы дала маусымында осы археологиялық нысанға экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция жұмысына Көкшетау қаласы мен Красный Яр ауылының мектептерінің оқушылары қатысты. Сондықтан бүгінгі көрмеде ұстаздар шәкірттерінің қолымен табылған археологиялық жәдігерлерді өз көздерімен көруге және  оқушылардың туған жер тарихын зерттеудегі  танымдық күш-жігеріне қуануда.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"