Қосшы қаласындағы "Дара" Бизнес -академия мектеп -лицейінде AT-TRAVEL.KZ салт аттылар клубының бастамасымен "Ата дәстүр- ұлттық құндылық" орталығы ашылып, "Атқа міну -асыл өнер" үйірмесінде оқушыларға теориялық сабақтар және практикалық сабақтары ұйымдастырылуда.
2022 жылдың 20 қазан күні Қазақстан республикасының басты мерекесі Республика күні қарсаңында "Ботай" мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығы" РМҚК қызметкерлері Қосшы қаласының тұрғындарына және мектеп оқушыларына "Атқа міну -асыл өнер" үйірмесінің теориялық сабағында Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау; өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында "Ежелгі Ботайдан-индустриялды Астанаға дейін" тақырыбында музей сабағын және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер көрмесін ұйымдастырады. Сондай-ақ, қонақтар саз балшықтан керамикалық ыдыстар жасау бойынша шеберлік сабағын тамашалаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.