foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 18 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Саумалкөл ауылының №2 мектеп- гимназиясының 7 сынып оқушыларына 25 қазан - Республика күніне арналған «Ботайдың көне қонысынан индустриялық Астанаға дейін»-қазіргі заман бастаулары»- National tourism форматтағы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Бұл шараның өткізудің мақсаты – оқушыларға өздер

2022 жылдың 18 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Саумалкөл ауылының №2 мектеп- гимназиясының  7 сынып оқушыларына    25 қазан - Республика  күніне арналған  «Ботайдың көне қонысынан индустриялық Астанаға дейін»-қазіргі заман бастаулары»- National tourism  форматтағы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды.  Бұл шараның өткізудің мақсаты – оқушыларға  өздерінің ата-бабаларының ұстанған өмірлік ұстанымымен таныстыру, салт-дәстүрлерді кеңірек үйрету, өмір сүру мен өсіп-өркендеу тәсілдерін үйрету болды.      

  Тақырыптық экскурсияны  «Ботай» музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету  бөлімінің басшысы Жадыра Омышқызы Мукушева оқушыларға Ботай мәдениеті туралы қысқаша бейнеролик көрсетіп, тақырып бойынша Ботай мәдениеті мен қазіргі Астанамызды салыстырмалы түрде  балаларға жеткізді.

Аталмыш іс-шарада балаларды еліміздің жетістіктерімен, оның халықаралық аренадағы орны мен рөлімен фото материалдар арқылы таныстырды.

 Мектеп оқушылары экскурсияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, ежелгі энеолит дәуірінде өмір сүрген ботай мәдениеті және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер туралы көптеген сұрақтар қойды.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"