foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 13 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Тайынша қаласының № 5 орта мектебінің оқушылары келді. Мектеп оқушылары үшін «Тас дәуіріне саяхат» тақырыбында экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды.Бұл тақырыптық экскурсияда ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақ

2022 жылдың 13 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на Солтүстік Қазақстан облысының  Тайынша ауданы Тайынша қаласының № 5 орта мектебінің оқушылары  келді. Мектеп оқушылары  үшін «Тас дәуіріне саяхат» тақырыбында экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды.Бұл тақырыптық экскурсияда ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты, адамзаттың дамуы бұл кезеңде өте баяу болуы және оны қола дәуірі алмастырғаны жайлы айтылды. Сондай-ақ тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит  дәуірі туралы деректер айтылыды.

         Әрі қарай мектеп оқушылары Ботай қонысына барып, 2022 жылы  археологиялық қазба жұмыстары орнында  ежелгі Ботай тұрғын үйлерінің құрылысы бойынша жұмыстарды тамашалай алды және эксперименттік Ботай тұрғын үйінің құрылысымен танысып,  жаңа білім алып,  жағымды эмоциялар алды.

Музей қонақтары  Айыртау  өлкесінің тарихымен,   таңғажайып археология ғылымымен танысты және  өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"