foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының Ақан сері атындағы мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы онлайн және оффлайн форматта, Қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры В.Ф.Зайберттың 75 жылдығына және еске алуға арналған «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарихы, те

2022 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының Ақан сері атындағы мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы онлайн және оффлайн форматта, Қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры В.Ф.Зайберттың 75 жылдығына және еске алуға арналған «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарихы, тенденциялары, проблемалары, келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция алғашқы бөлімі "Ботай.дала өркениетінің бастауында" тақырыбында көрме, сондай ақ тері өңдеу,саз балшықтан қыш ыдыстарын жасау, бұрғылау станогымен дисктер жасау шеберлік сабақтары және СҚО тарихи өлкетану музейінен келген "Ботай археологиялық мәдениетінің әлемдік маңызы" тақырыбында суреттер көрмесі көрсетілді

Бұл ауқымды іс шара пленарлық отырыспен жалғасты, пленарлық отырысқа онлайн форматта, ZOOM арқылы Вильнюс университетінің доценті, Литва институтының аға-ғылыми қызметкері доктор Гиедро Мотузайте және Эксетер университетінің археология профессоры Алан Аутрам өз баяндамаларымен қосылды және де отандық археологтар, отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен ғалымдар, республикалық, облыстық, аудандық атқарушы мемлекеттік органдардың өкілдері, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі департаменттер мен орталықтардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары, Қазақстан жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, мәдениет қайраткерлері, өлкетанушылар мен қоғам қайраткерлері, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, музей ұйымдар, тарихшылар қатысты.

Конференцияның екінші бөлімінде екі секция жұмыс атқарды. Бірінші секция"Қазақстандық археологияны зерделеу және насихаттау" тақырыбы талқыланды.

Екінші секция тақырыбы " Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мен пайдалану маңыздылығы" тақырыбы талқыланды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шетелдік және отандық археологиялық экспедициялардың ғылыми нәтижелерін алмасу, талқылау, ғылыми-зерттеу зертханаларының, институттардың, музей қызметі арқылы қазақстандық археология ғылымының дамуы талқыланады.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"