2022 жылдың 28 қыркүйегінде «Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.О. Мукушева киелі Айыртау өңірінің қасиетті жерлері мен тамыры тереңде жатқан Ботай қонысы мәдениетін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында Лобанова елді-мекенінде осы жылы ашылған «ЗЕЙНЕП» жоғары көпсалалы колледжінің 1 курс «Туризм және бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығының студенттеріне, сондай-ақ Лобанова орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына «Ботай-мыңжылдық тарихы бар киелі мекен» тақырыбында музей сабағын өткізді.
Оқушылар мен студенттер, музей қорындағы бірегей артефактілермен танысып,толық ақпарат алды және де өз өлкесінің тарихына тереңірек үніліп, археологиялық жұмыстардың қыр-сырын білді.
Оқушылар музей сабағында өлке тарихын жан-жақты талдап,Ботай мәдениетіне барынша қызығушылық танытты.