foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 9 қыркүйегінде «ART EXPO» көрмесі аясында Қазақстан және Ресей музей мамандарының қатысуымен «Музей брендін ілгерлетудің заманауи технологиялары мен әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 9 қыркүйегінде «ART EXPO» көрмесі аясында Қазақстан және Ресей музей мамандарының қатысуымен «Музей брендін ілгерлетудің заманауи технологиялары мен әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықғының директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы қатысты. Шара барысында музей қызметінің инновациялық әдістері, тиімді басқару технологиялары туралы көптеген пайдалы ақпараттар берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында еркін пікір алмасу, мәдени және коммерциялық маркетингтің құрамдас бөлігі ретінде музейлік брендинг саласында тәжірибе алмасу болды.

Дөңгелек үстел жұмысынан басқа, 2022 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті  Ұлттық музей базасында халықаралық көрме ұйымдастырылды. Онда ТМД елдерінің мәдени жетістіктері, қызықты жобалары, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары ұсынылды. Жоғары деңгейдегі іс-шаралар мәдениет саласы қызметкерлеріне қажет кәсіби қызығушылықты оятты.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"