foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

СҚО мектеп мұғалімдерінің археологиялық тәжірибесі аяқталды

Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 19-29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысының тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына және археологияны зерттеуге ерекше қызығушылық танытты.
Қазба жұмысына қатысушылар мәдени қабаттарды зерттеп, Ботай мәдениетінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу барысында табылған көне жәдігерлерді өз көздерімен көріп, тікелей қолмен ұстау мүмкіндігін алды.
Археологиялық тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға «Ботай» музей-қорығының атынан сертификаттар табыс етілді. Археологиялық экспедициядан алған қосымша білімдері мен жағымды әсерлерімен мұғалімдер келесі оқу жылында мектеп оқушыларымен бөлісе алады.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"