foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5
Ескерту
  • JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/botaimuseum.kz/httpdocs/images/2022/pages/31-05-3
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder:

Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары басталды

2022 жылдың 1 маусымынан бастап «Ботай қонысындағы археологиялық ғылыми-эксперименттік зерттеулер және Ботай мәдениеті тасымалдаушыларының қамтамасыз ету жүйелерін, өмір салтын және дүниетанымдық-қасиетті контекстерін модельдеу» жобасы аясында Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің қызметкерлері археологиялық қазба жұмыстарын бастады.
Қазба алаңы 192 ш.м. құрайды. Археологиялық зерттеулер 2021 жылы басталды. Мақсаты – ежелгі Ботайдың жәдігерлерін, наным-сенімдерін ғылыми әдістерді, жанама белгілер мен аналогияларды пайдалана отырып, жан-жақты және егжей-тегжейлі зерттеу. Ботайдың алғашқы, (протофилософиялық), жартылай мистикалық өмірлік көзқарастарын, өмір жолын зерттеу. Экспедицияның екінші міндеті – Қазақстанның Солтүстік аймағындағы Ботай мәдениетінің таралу аймағын, бірегей археологиялық ескерткіштерді зерттеу.
Ботай мәдениеті ең алдымен жылқы алғаш қолға үйретілген киелі мекен ретінде бүкіл әлемге белгілі. Одан әрі, одан кейінгі тарихи кезеңдерде атқа міну мәдениеті бүкіл атты-далалық өркениеттің дамуына қызмет етті. Қазақстандықтардың өскелең ұрпағы жеріміздің осы тарихи деректерін, оның шығу тегін білуі қажет. Сондықтан жастар экспедиция жұмысына белсене қатысады.
Ботай қонысы Ресей мен Германиядан келген туристерді қызықтыратын орынға айналды. Сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларында, алыс-жақын шетелдерде тұратын жерлестер туған өлкенің тарихы, көне Ботай мәдениеті туралы мәліметтерді мақтанышпен қабылдайды.

{gallery}2022/pages/31-05-3{/gallery}

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"