Құрылды Дүйсенбі, 02 Мамыр 2022 13:36 | Қаралды: 85
2022 жылдың 28 сәуір күні ҚР ІІМ ҚАЖК «164/8 - МЕКЕМЕСІ» РММ қызметкерлері «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына «Айыртау ауданының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілерін әкелді.
«Ботай» қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері М.С.Макеев экспозициялық зал бойынша экскурсия жүргізді, музей қонақтары өз өлкесінің тарихымен тереңірек танысып, өздерін археолог ретінде сезіне алды, археологиялық жұмыстардың қыр-сырын білді.