foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мәдениеті материалдарын фото-суретке түсіру және сканерлеу жұмыстары

2022 жылдың 18 - 30 сәуір күндері аралығында «Ботай қонысындағы археологиялық ғылыми-эксперименттік зерттеулер және Ботай мәдениеті тасымалдаушыларының қамтамасыз ету жүйелерін, өмір салтын және дүниетанымдық-қасиетті контекстерін модельдеу» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында жобаға қатысушылар Ботай мәдениеті материалдарын фото-суретке түсіру және сканерлеу жұмыстарын жүргізуде.
Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері М.С.Макеев жұмыс істесе, Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтында Д.С. Байгунаков - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші ғылыми қызметкері, Ы.С. Құрманиязов– Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері және Қ.Қ. Абильмаликов – «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері өз жұмыстарын жүргізуде.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"