foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Археологиялық ескерткіштер – ғасырлар куәсі» атты тақырыптық дәрісі

Бүгін, 18 сәуір күні – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Бұл іс-шараның мақсаты – мәдени мұраны қорғау мен сақтауға қоғамның назарын аудару.
Бұл мереке жалпы жұртшылық пен мемлекеттік қызметкерлердің назарын жергілікті жердегі түрлі ескерткіштер мен тарихи орындарды және әлемдік мәдени мұра нысандарын қорғау мен сақтауға тағы бір мәрте аударуға мүмкіндік береді. Адамзат тарихы материалдық мәдениет ескерткіштері – көне қоныстардың қалдықтары, еңбек құралдары, әшекейлер мен ғибадат заттары бойынша қалпына келтірілуде.
Және «Ботай» музей-қорығының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бөлімінің инспекторы В.А. Искржицкий Саумалкөл ауылындағы Агротехникалық колледжінің 1 курс студенттеріне «Археологиялық ескерткіштер – ғасырлар куәсі» атты тақырыптық дәрісін өткізді. Дәріс барысында студенттер Ботай мәдениетінің тарихының әлеміне үңілді, таңғажайып археология ғылымымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"