Еліміздегі үлкенді-кішілі ескерткіштерді сақтап, болашаққа жеткізу бүгінгі ұрпақтың міндеті. Басты міндет – еліміздің рухани және құнды мұрасын сақтау, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді кеңінен насихаттау.
Осы атаулы күнмен өткенді бағалайтын және сүйетін барша халықты, мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жолында бас иіп жүрген баршаны – сәулетшілерді, реставраторларды, қоғам өкілдері және қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік қорғау, мәдени мұра объектілерін сақтау, пайдалану және насихаттау саласындағы атқарушы билік пен мекемелер қызметкерлерін құттықтаймыз.