foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Қостанай қаласында ұйымдастырылған көшпелі көрме аяқталды

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК энеолит кезеңінің бірегей археологиялық ескерткішін танымал ету мақсатында 2022 жылғы 22 ақпан мен 10 наурыз күндері аралығында «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» экспозициялық-көрме жобасы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көшпелі көрмесін ұсынды.
Ботай мәдениеті — В.Ф. Зайберт солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеу материалдары негізінде бөліп атаған археологиялық мәдениет. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді. Аталмыш ғылыми ашу айрықша сәулет стилін қалдырып кеткен бағзы бабалардың тарихи тәжірибесін айқындайды. 2017 жылы Ботай археологиялық қонысы Қазақстанның қасиетті нысандарының жалпыұлттық тізіміне енгізілді. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында аталмыш көрмені ұсынған «Ботай» республикалық тарихи-мәдени музей-қорығының ашылуы болып өтті.
Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары Ботай қонысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған киелі нысан мен баға жетпес жәдігерлермен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Көрме көпшіліктің көңілінен шықты және 3000-нан астам адам онымен танысты.
 
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"