Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Алыста жүрген жандар қара шаңыраққа соғып, ата-анасына сәлем беріп, ағайын-туыстың үйіне барады.
Наурыз мейрамын мерекелеудің алғашқы күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы әріптестеріміз «Бурабай өңірінің тарихы» музейінің ұжымының шаңырағына сәлем беріп, өзара ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді.