foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Мектептегі тарих пәні: жаңа концепция, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тарих мұғалімдерінің республикалық съезді.

2022 жылғы 4 наурыз күні Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы өңірлік университеті базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім Басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Мектептегі тарих пәні: жаңа концепция, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тарих мұғалімдерінің республикалық съезіне «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инспекторы Қайыргелдинов Руслан Ерланұлы қатысты.
Іс шараның мақсаты - тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелерін талқылау, тарих мұғалімдерінің бірыңғай қауымдастығын құру.
Іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен келген 300-ден артық делегаттар қатысты. Съездің бірінші бөлімінде 5 секция ұйымдастырылып, 25 спикер сөз сөйледі. Съездің екінші бөлімінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың өзекті мәселелері көтерілді. Ботай мәдениеті көрініс тапқан көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдерінің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері, ғылыми-зерттеу жобалары, авторлық бағдарламалары ұсынылды.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"