foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Құрметті интернационалист-жауынгерлер, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың қатысушылары, жауынгерлердің туыстары мен жақындары!

1989 жылдың 15 ақпаны еліміздің тарихында мәңгі есінде қалды. Жарияланбаған соғыс аяқталып, сол күні Кеңес әскерлері Ауғанстаннан толығымен шығарылды.

Интернационалдық борышын адал атқарып, антына адал болғандарға зор құрмет білдіреміз.

Еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің даңқты әскери дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарыңызды лайықты жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Еліміздің болашағы тыныш, істеріңіз бен талпыныстарыңыз Отан игілігіне қызмет етсін!

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"