2026 жылғы 9 қазанда «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Айыртау ауданының Рудный мектебінің оқушылары келді. Оқушылар музей экспозициясымен танысып, сондай-ақ ежелгі Ботай қонысы археологиялық ескерткішіне барып, халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасы туралы мағлұмат алды.