foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай» фото-шежіресі

«Ботай» фото-шежіресі

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы әлеуметтік желілердегі «Ботай» фото-шежіресі айдары аясында Ботай мәдениетіне қатысты бірегей тарихи фотосуреттерді назарларыңызға ұсынады.

Ұсынылған фотоматериалдар Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының архивінен және көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Германия археологиялық институтының корреспондент-мүшесі Виктор Фёдорович Зайберттің жеке мұрағатынан алынған.

Фотосуретте Ботай қонысында жүргізілген алғашқы археологиялық зерттеулер мен Иманбұрлық өзенінің жағалауындағы апаттық аймақта жүргізілген қазба жұмыстары бейнеленген (1980–1983 жылдар).

Ұсынылып отырған тарихи фотосурет заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен сапасы жақсартылып, қалпына келтірілді.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"