foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Ақыртас" сәулет-археологиялық кешеніне экскурсия

«Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» көшпелі көрмесін ұйымдастыру аясында 2021 жылғы 25 қазан күні  "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері "Ақыртас" сәулет-археологиялық кешенін тамашалады.

Ақыртас — Жамбыл облысының Жамбыл ауданында орналасқан сарай кешені. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші VIII-XІІ ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Тау етегіндегі тікбұрышты пішінді нығайтылған құрылым, сондықтан оны алыстан көруге болады. Бұл ескерткіш Ұлы Жібек жолының Тан-Шань дәлізі бойынша ЮНЕСКО маршрутына енгізілген. Ескерткішті зерделеу және сақтау үшін мерзімді түрде ғылыми-зерттеу және консервациялау жұмыстары жүргізіледі.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"