Жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы үдерістерін және ат-көлік коммуникациясына көшуді бейнелейтін энеолит дәуірінің «Ботай» бірегей қонысын танымал ету мақсатында 2021 жылдың 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің делегациясы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-не жұмыс сапарымен келді.
Музей-қорығының ғылыми қызметкерлері соңғы кезеңде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлері туралы айтып берді. Бұл материал Ботай қонысы туралы деректі фильмнің негізін құрайтын болады.