
БОТАЙ ФОТОШЕЖІРЕСІ
Ботай музей-қорығы әлеуметтік желілерде Ботай мәдениетін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар мен тарихи тұлғаларға, сондай-ақ Ботай қонысының табиғатын бейнелейтін әр кезеңдегі фотосуреттерді жариялап отырады.
Алғашқы фотосуретте 1985 жылғы Ботай қонысындағы археологиялық зерттеулер барысы, трассологиялық талдау сәті бейнеленген. Кадрда Ботай мәдениетінің зерттеушісі, көрнекті ғалым Виктор Федорович Зайберт пен археолог, тарих ғылымдарының докторы Галина Фёдоровна Коробкова көрінеді.
Фотосурет жасанды интеллект көмегімен өңделіп ұсынылды. Фото 1985 жылғы Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының архивінен алынды.
Галина Фёдоровна Коробкова – ежелгі еңбек құралдарын қолдану іздері арқылы зерттейтін трасология ғылымының дамуына және Еуразияның көне шаруашылық кешендерін зерттеуге зор үлес қосқан көрнекті ғалым.