
Экскурсия
19 мамыр күні «Ботай» музей-қорығына №51 Республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері экскурсияға келді.
Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар ежелгі Ботай қонысының тарихы мен мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан тарихы үшін маңызды археологиялық жәдігерлермен танысты.
Келушілер музей экспозицияларына ерекше қызығушылық танытып, мазмұнды экскурсия мен жылы қабылдау үшін алғыстарын білдірді.
«Ботай» музей-қорығы еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына қызығушылық танытатын барлық қонақтарды әрдайым қуана қарсы алады.