foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күні» акциясы

Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күні» акциясы аясында бүгін «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына мектеп оқушылары, студенттер, аудан қонақтары және тарихқа қызығушылық танытқан келушілер арнайы келіп, танымдық экскурсияларға қатысты.
Экскурсия барысында келушілер Ботай мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, баспаналары мен тарихи мұралары жайлы тың ақпарат алды. Сонымен қатар қонақтар үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, ежелгі технологияларды көрсету жұмыстары өткізілді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраны насихаттауға үлкен мүмкіндік береді.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"