
2026 жылғы 14 мамырда республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш - Ботай қонысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Амирова Сабина Каримовна Батыс Қазақстан филиалының "Казреставрация" өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Ботай қонысы аумағында ботайлық тұрғын үйлерді қайта жаңғырту мәселелері талқыланды. Бұл жоба энеолит дәуіріндегі ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен сәулет ерекшеліктерін көрнекі түрде таныстыруға мүмкіндік береді және Қазақстанның бірегей тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау ісіне маңызды үлес қосады