
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы жұмыс сапарымен Ботай музей-қорығының мекемесіне келді.
Сапар барысында облыс әкімі музейдің экспозициялық залдарымен танысып, Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерін тамашалады.
Қонақтарға ежелгі технологиялар бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді: қыш ыдыс жасау үдерісі, тас диск дайындау және шөптерді дәстүрлі әдіспен ұнтақтау жұмыстары таныстырылды. Бұл көріністер арқылы келушілер Ботай дәуіріндегі тұрмыс пен қолөнер ерекшеліктерімен жақынырақ танысты.
Осындай кездесулер өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, ішкі туризмді дамытуға және Ұлы дала мәдениетін насихаттауға үлкен мүмкіндік береді.