
Қонақтар Ұлы дала тарихына, әсіресе жылқыны алғаш қолға үйреткен бірегей археологиялық мұра - Ботай мәдениетіне үлкен қызығушылық танытты. Экскурсия барысында оларды Ботай ескерткішінің әлемдік тарихтағы орны, оның адамзат өркениетіндегі маңызы және қазіргі мәдениеттермен сабақтастығы ерекше әсерлендірді.
Экскурсия соңында қонақтардың бірі қазақ тілінде жылы лебізін білдіріп, бұл біз үшін зор құрметтің белгісі болды.
Музейге жасаған сапардың естелігі ретінде қонақтар Ботай музей-қорығының кәдесый өнімдерін иеленіп, Ұлы дала тарихының бір бөлшегін өздерімен бірге алып кетті.
Қонақтарымызға қызығушылығы мен ізгі ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз