
21 қаңтар күні «Ботай» музей-қорығы Красный Яр ауылының жалпы білім беретін мектебінде 5-сынып оқушыларына «Ботай-Ұлы Дала: адал еңбек пен өркениет бастауы» көшпелі көрмесін өткізді.
Оқушылар Ботай мәдениетімен бұған дейін кітап беттерінен таныс болса, бүгін энеолит дәуіріне жататын көне археологиялық жәдігерлерді өз көздерімен көрді.
Іс-шара барысында балаларға Ботай қонысының тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, оның әлемдік өркениеттегі орны, алғашқы тұрғын үйлер мен жылқыны қолға үйрету жайлы мағлұмат берілді.
Көрме оқушылардың зор қызығушылығын тудырып, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген танымын кеңейтті