
21 ақпан - Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай, Ботай музей-қорығында 20 ақпан күні «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы ұйымдастырылады.
Аталған байқаудың мақсаты - тарихи-мәдени мұраны насихаттау, экскурсиялық қызметтің маңызын арттыру, сондай-ақ музей саласында еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың тәжірибесі мен шеберлігін дәріптеу.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының барлық музей қызметкерлерін аталған республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.