foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай мәдениетін қазіргі кезеңде халықаралық археологиялық зерттеу және оның болашағы»

15 қаңтарда «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының базасында онлайн формата «Ботай мәдениетін қазіргі кезеңде халықаралық археологиялық зерттеу және оның болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында «Ботай» музей-қорығының директоры Амирова Сабина Каримовна, Эксетер университетінің профессоры (Англия) Алан Оутрам, сондай-ақ тарих ғылымдарының кандидаты, РФ ҒА Материалдық мәдениет институтының аға ғылыми қызметкері Наталья Николаевна Скакун болашақ бірлескен ғылыми жобалар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысына отандық ғалымдар мен археологтар қатысты. Атап айтқанда: Талғат Мамиров, Меруерт Қиясбекқызы Досбол Байғунақов, Мамбет Шағирбаев және музей-қорық қызметкерлері.

Іс-шара барысында Алан Оутрам «Ботай мәдениеті және жылқыны қолға үйрету мәселесі» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми презентациясын ұсынды. Бұл тақырып әлемдік археологиядағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Сонымен қатар Ботай мәдениетін зерттеу бойынша соңғы жылдардағы халықаралық ғылыми нәтижелер, өзекті мәселелер мен алдағы зерттеу бағыттары талқыланды.

Мұндай ғылыми кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанның археологиялық мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

 

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"