
Ботай қонысы – адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бастауы.
Бұл жерде алғаш рет жылқы қолға үйретіліп, көшпелі өркениеттің негізі қаланды.
Ботай қонысындағы тұрғын үйлердің ішкі қабырғаларында кездесетін ою-өрнектер ежелгі адамдардың дүниетанымы мен рухани әлемінен сыр шертеді. Әсіресе үшбұрыш пішіндес өрнектер жиі қолданылған.
Ғалымдардың пікірінше, үшбұрыш — табиғат, адам және рух арасындағы үйлесімді, өмірдің тұрақтылығы мен қорғау күшін білдіретін белгі. Сонымен қатар ол ошақтың, оттың, отбасының берекесінің символы ретінде қабылданған.
Мыңдаған жылдар бұрын салынған бұл үйлер мен олардың ішкі өрнектері — ата-бабаларымыздың ой-санасы мен көркемдік талғамының айқын дәлелі.
Бейнеролик арқылы Ботай қонысының терең тарихына тағы бір қадам жасайық.