foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Солтүстік Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: өзекті мәселелер мен шешу жолдары»

23 желтоқсан күні «Ботай» музей-қорығы Zoom платформасында «Солтүстік Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дамыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Дөңгелек үстелге археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы университет профессоры Плешаков Анатолий Андреевич, СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері, Арықбалық ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ «Ботай» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар 2026 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарларын, Солтүстік Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулердің басым бағыттарын, ғылыми және далалық жұмыстарды үйлестіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Арықбалық ауылдық округінде табылған мамонт сүйектерінің олжалары, олардың ғылыми маңызы және алдағы зерттеу жұмыстары сөз болды.
Сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы университет студенттерінің археологиялық практикасын ұйымдастыру, жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және археология саласындағы сабақтастықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"