
Бүгін, Саумалкөл ауылының мектеп оқушылары «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Оқушылар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша өте қызықты және танымды экскурсия болды. Балалар экскурсиядан өткен заманның қайталанбас аса құнды жәдігерлері туралы ақпарат алып, өз сұрақтарына жауаптарын алды. Музей залы бойынша экскурсия балаларға қатты ұнап, жағымды эмоциялар алды.
Экскурсия барысында «Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» инсталляциясы ұсынылды, онда оқушылар тарих әлеміне еніп, өздерін археолог ретінде сезініп, археологиялық қазба жұмыстарына қатыса алды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |