
2025 жылы 15 желтоқсан күні, Қызылжар ауданы «Қызылжар Абай орта мектебінде» «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу арқылы оқушылардың 21-ғасыр дағдыларын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты – Ұлы дала өркениетінің бастауы саналатын Ботай мәдениетінің құндылығын дәріптеу, ғылыми жаңалықтарды таныстыру және жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейту болды.
Дөңгелек үстел жұмысына Ботай мемлекеттік музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы, СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы және аудан мұғалімдері қатысты.
Іс-шара аясында «Ботай» музей-қорығы Ботай мәдениетіне арналған көрме ұсынды. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында ұйымдастырылды.
Көрмеге мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты.
Көрмеге қатысушылар Ботай мұрасына қатысты құнды жәдігерлермен, зерттеу нәтижелерімен, Ботай мәдениетінің тарихымен танысты.
Осындай мазмұнды кездесуді ұйымдастырған «Қызылжар Абай орта мектебінің» ұжымына алғыс білдіреміз.
Білім беру саласы мен музей саласының байланысы нығайып, тарихи мұрамызды танытуға үлес қосудамыз.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |