foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай қонысының тасты дистері

Ботай қонысының тасты дистері

Ортасында саңылауы бар дөңгелек тастардан жасалған бұйымдар-Ботай қонысындағы табылған тастардың қатарындағы ең көп және ерекше санаттарының бірі болып табылады. Оларға деген қызығушылық, шын мәнінде, олардың тас және қола дәуірі кезеңдерінің аралығындағы ескерткіштерінде кең таралуына қарамастан, олар сирек және әрқашан толықтай мәнерлі емес үлгілерде кездесетіндігінде.

Дискінің диаметрі әдетте 3,5-тен 11 см дейін болады, ал ішкі тесіктің минималды диаметрі 6 мм-ден 2,2 см дейін. Шеті қиғаш немесе тегіс болуы мүмкін, кейде дөңгелектенеді. Шикізаты серицит минералы сияқты жұмсақ, ұсақ түйіршікті келеді. Тас бұйымдардың беті тек абразивтік техникасымен өңделген.

Бұл артефакттардың қолдану мақсаты туралы көптеген нұсқалары бар. Археологтар үшін кіші диаметрлі дискілері ұршық тасы ретінде белгілі, алайда осындай түсіндірмелерге қарама-қайшы келетін елеулі наразылық білдіретіндер де аз емес.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"