
Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі кеше ұлы ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға белгілі тарихшылар, археологтар, педагогтар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын, оның отандық тарих пен этнография ғылымына қосқан үлесін және бүгінгі күндегі зерттеулердің өзектілігін талқылады.
Дөңгелек үстел жұмысы аяқталған соң Петропавл қаласынан келген қонақтар Ботай музей-қорығына барып, Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерімен танысты.