foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

27 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына  Саумалкөл орта мектебінің  4 «А» сынып оқушылары келді. Оқушыларға музейдің көрме залында экскурсия жүргізіліп, олар Ботай мәдениетінің еңбек құралдарымен, тұрмыстық заттарымен және археологиялық жәдігерлерімен танысты.

 Экскурсия соңында балалар үшін керамикадан мастер-класс ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен қуанышпен қатысып, өздерін шағын шебер ретінде байқап, балшықтан алғашқы бұйымдарын жасады.

 Келген оқушылар мен ұстаздарға тарихи мұраға қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!

 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"