
Бүгін Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Жас археолог» үйірмесінің қатысушылары керамикалық ыдыс жасаудың шеберлік сабағына қатысты. Балалар ежелгі ботайлықтардың қолданған тәсілдерін меңгеріп, саз балшықпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді.
Шеберлік сабақ барысында үйірме мүшелері өз қолымен шағын ыдыс қалыптап, ежелгі шеберлердің еңбегін сезініп көрді. Мұндай сабақтар өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.