
А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырған «Солтүстік Қазақстан археологиясы: жетістіктер мен келешегі» дөңгелек үстел өңірдің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мәселелеріне арналды.
Бұл шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қатысып, өз зерттеу нәтижелері мен музей қызметінің материалдарын ұсынды.
Іс-шара барысында 2023–2025 жылдардағы археологиялық зерттеу нәтижелері мен сол еңбектер бойынша жарық көрген кітаптар таныстырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты — археологтар, музей мамандары, ғылым, мәдениет және білім саласының өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жүзеге асыратын BR24992951 «Сарыарқаның археологиялық мұрасы (тас дәуірінен орта ғасырға дейін)» атты жобасы аясында өтті.