
15 қазан күні «Ботай» музей-қорығында ерекше танымдық сабақ өтті. Қонаққа №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушылары музей әлемімен жақынырақ танысу мақсатында арнайы келді. Сабақ "Жас археолог" үйірмесінің жетекшісі — Букенов Ерлан Жұмабекұлының бастамасымен ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар музейдің қорымен танысып, экспонаттармен жан-жақты жұмыс жасады. Тарихқа терең бойлап, қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өздерінің білімдерін сынап көрді.