
Далалық өркениеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі мен ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжімен бірлесе отырып, өндірістік практика аясында бірқатар іс-шараларды жоспарлап, іске асыруда. Музей-қорыққа келгеннен кейін Агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика шеңберінде өз тәжірибесінің мақсатына сәйкес жұмыстарын бастады. Практиканың мақсаты – Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасымен танысу, сондай-ақ тәжірибелік білім мен дағдылар алу болды. Студенттерге Ботай мәдениетіне арналған кітаптар, дәрістер және басқа да материалдар таратылды.
Барлық материалдар студенттерге Ботай мәдениеті туралы толық әрі түсінікті ақпарат беруге және оларды алдағы практикалық жұмыстарға дайындауға бағытталды.