
Келісімнің негізгі мақсаты – өңіріміздің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау бағытындағы күш-жігерді біріктіру. Тараптар мынадай бағыттарда бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты:
ғылыми зерттеулер мен археологиялық экспедициялар жүргізу;
білім беру және ағартушылық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
көрмелер, дәрістер мен іс-шаралар арқылы мәдени мұраны насихаттау;
ескерткіштерді қорғау саласында тәжірибе және ақпарат алмасу.
Бұл меморандумға қол қою – бірегей мұрамызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің маңызды қадамы.