
27 қыркүйек күні Түркістан қаласында өткен «XII Болгар халықаралық археологиялық мектебі» аясында «Ботай» музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі Ресей ғылым академиясы ММТИ аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Наталья Николаевна Скакунмен бірлесіп ботай мәдениетінің жәдігерлеріне трасологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу барысында сүйектердің қолдану іздері қарастырылып, олардың жасалу және қолданылу ерекшеліктері нақтыланды. Әсіресе микросызаттар мен тозу іздеріне талдау жасалып, өзге археологиялық кешендердегі ұқсас материалдармен салыстыру жүргізілді.
Бұл бірлескен жұмыс пәнаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеудегі ғылыми алмасудың қажеттілігін көрсетті.